09.10.2025, 17:04
Оқиғалар
«Әйелі мен үш баласын құтқарып үлгерді»: Тереңкөлде өрт шығып, үй иесі мерт болды
Ер адам ауруханада көз жұмды
Фото: ТЖМ
Бүгін Павлодарда тағы бір қайғылы оқиға орын алды: жер үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Тереңкөл ауданында болған.
«Бүгін, 9 қазан күні таңертең өрт сөндірушілердің пультіне үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан ер адамды тауып, оны жедел жәрдемге тапсырды. 1982 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды», - деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.
Анықталғандай, ер адам өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалынның ішінен үш баласы мен әйелін алып шыққан екен.
Айта кетейік, бүгін түнде Екібастұздағы алапат өрттен алты адам тірідей жанып кеткен еді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды