«Нөмірін жасырып алған»: Астана мен Бурабай арасында тегін жүргісі келген «тапқыр» адам ұсталды (ВИДЕО)
Жүргізуші ақылы жолдың ақшасын төлегісі келмеген

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі «Астана - Щучинск» арасында жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, жүргізуші көлігінің нөмірін жасырған, кейде тіпті, өзінің нөмірінің орнына жалған нөмір тағып алады екен.
«2025 жылғы 8 қазан республикалық маңызы бар «Астана - Щучинск» ақылы автомобиль жолында автоматты бақылау жүйесі арқылы HOWO маркалы жүк көлігі жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған фактісі тіркелді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Ақылы автомобиль жолдары департаментінің қызметкерлері көлік құралының мемлекеттік нөмірін жедел анықтап, тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жолдады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ұлттық компанияның деректері бойынша 2025 жылдың басынан бері ақы төлеуден жалтаруға тырысқан 463 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде - мемлекеттік нөмірді жасыру, жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді орнату жағдайлары бар. Барлық фактілер бойынша полиция органдарымен бірлесіп әкімшілік шаралар қолданылды.