08.10.2025, 17:36
Оқиғалар
«Бензинге уланып қалған»: Маңғыстау облысында әскердегі сарбаз жұмбақ жағдайда көз жұмды
Ол шекара қызметінде борышын өтеп жүрген еді
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысындағы «Үстірт» шекара бекетінде борышын өтеп жүрген сарбаз мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
«Алдын ала болжам бойынша, шекара бекетінде техникалық қауіпсіздік ережелері бұзылған», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысындағы департаменті.
Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сенсек, сарбаз бензин тұратын қоймаға барып, бензин әкелу керек болған. Арада он минут өткенде жанындағылар оны ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. Яғни, алдын ала болжам бойынша ол бензинге уланған.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
