Ол қамауға алынды
Қызылорда облысында мүгедек баланы қинаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқушы мүгедек арбасына таңылған кішкентай баланың аяғын күйдірган. Оны видеода анасы көрсетті. Болған оқиғаны полиция растады.
«Бұзақылық дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті – кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән – жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелу барысы өзімнің ерекше бақылауымда», - деді ПД бастығы Серік Ергешов.
Еске салсақ, жақында СҚО мектеп-интернаты-колледжінде 7 сынып оқушыларын жоғары сынып оқушылары ұрып-соғып, қорлап, ақша талап еткен.