$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хоккейшілерге Қазақстан азаматтығын алып беремін деген «Құлагер» клубының бастығы ұсталды

Астананың 45 жастағы тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысында қолға түсті

Хоккейшілерге Қазақстан азаматтығын алып беремін деген «Құлагер» клубының бастығы ұсталды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен Астананың 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты редакцияға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Тергеудің қазіргі сатысында өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады СҚО полициясы.

Бірнеше күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Сергей Фильге қатысты ақша жымқыру фактісі емес, ойыншыларды алдауға байланысты азаматтық негізде іс қозғалғанын хабарлаған еді.

«Азамат Сергей Фильдің алаяқтық әрекеттеріне қатысты келесіні хабарлаймыз: Сергей Филь «Құлагер» хоккей клубының әкімшілік және шаруашылық қызметтері жөніндегі басшысы қызметін атқарған. Ол клубтың қаражатын жымқырған жоқ. Оның әрекеті азаматтық-құқықтық салаға қатысты», – деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Серіктес жаңалықтары