Тексеру қызметі тамақтың ішінен телефон тауып алды
Алматыдағы тергеу изоляторының қызметкерлері сәлемдемелердің арасынан телефон тауып алды: қулығын асырмақ болған адам оны ұн қуырдақтың ішіне тығып қойған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласындағы Тергеу изоляторының қызметкерлері ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік және жедел топтарымен бірлесе отырып, тыйым салынған затты анықтады. Тұтқындарға азық-түлік әкелген адамның контейнерінен бір ұялы телефон табылды», - деп хабарлайды ҚАЖК.
Қазір телефон әкелген адамға қатысты істі Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жіберу үшін тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.