$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында КСРО-ның тозған төлқұжатын ауыстырмаған 17 адам табылды

Полиция олардың куәлігін жаңартып берген

Абай облысында КСРО-ның тозған төлқұжатын ауыстырмаған 17 адам табылды
Фото: Абай облысының ПД

Абай облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі 2025 жылдың басынан бері КСРО паспортын ауыстырмаған 17 азаматқа Қазақстанның жеке куәлігін рәсімдеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, бұл азаматтар енді толыққанды заңды тұлғалар ретінде мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады, әлеуметтік қолдаулар мен медициналық көмектерге қол жеткізе алады.

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 16 жасқа толған әрбір азаматтың жеке куәлігі болуы міндетті. Бұл талап азаматтың қай жерде тұратынына қарамастан қолданылады. Алайда әртүрлі себептермен жеке куәлігін рәсімдемеген немесе КСРО кезінен қалған құжатпен жүрген адамдар әлі де бар. Осындай азаматтарға құқықтық көмек көрсету, жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу – көші-қон қызметінің басты міндеттерінің бірі», - деп ескерткен облыстың полициясы.

Серіктес жаңалықтары