$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылда «Toyota Camry 70» көлігіне «таласқандар» соттасты

Сот автокөліктің толық құнын өндіріп, сатушының құқығын қорғады

Жамбылда «Toyota Camry 70» көлігіне «таласқандар» соттасты
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облыстық сотында апелляциялық тәртіппен сатылған автокөліктің қарызына қатысты азаматтық істі қарап, көлік сатқан адамның құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл соттарына сілтеме жасай отырып.

Соттың мәліметінше, 2024 жылғы наурызда тараптар арасында келісім жасалып, талап қоюшы жауапкерге «Toyota Camry 70» маркалы автокөлікті 17,7 млн теңгеге сатқан. Жауапкер көлікті бөліп төлеу шартымен алғанымен, міндеттемелерін орындамаған.

Талап қоюшы полицияға алаяқтық фактісі бойынша жүгінгенімен, қылмыстық іс тоқтап қалған екен. Ары қарай дауды азаматтық сот қараған.

Сотта жауапкер көлік құны бойынша ішінара төлем жасағанын айтқанымен, оны растайтын дәлелдер ұсынбады. Нәтижесінде Байзақ аудандық соты талап қоюды толық қанағаттандырып, жауапкерден 17,7 млн теңге қарыз сомасы мен 177 мың теңге мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шығарды.

Жауапкер сот шешіміне шағымданып, қарыздың тек бір бөлігін өтеуді сұрады. Алайда Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды әрі негізді деп тауып, өзгеріссіз қалдырды.

Серіктес жаңалықтары