$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 10:18
Оқиғалар

Түркістан облысында көліктен 3 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында көліктен 3 млн теңгеге жуық ақша ұрланды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері көлік ішінен 2,6 млн теңгені жымқырған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не «Daewoo Gentra» маркалы көліктің жүргізушісі, жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, базар жанына қойып кеткен көлігінің алдыңғы орындығында тұрған сөмкесі мен оның ішіндегі 2,6 миллионнан астам ақшасын, алтын бұйымдарын белгісіз біреу жымқырып кеткен.

Аталған жайт полиция бөліміне 188-бап «Ұрлық» бойынша тіркелді. Күндізгі уақытта орын алған бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел әрекетке кірісті. Базар жанын түгел қарап, камераларды тексеріп шықты.

«Нәтижесінде, жәбірленушінің сөмкесі базар маңынан табылды. Сөмке ішіндегі 2,6 миллион теңге ақшаны асығыс алған ұры алтындарды байқамай, қалдырып кеткені белгілі болды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің жеке-басы анықталып, іздеу жарияланды. Полиция бөлімінің қызметкерлері атқарған іс-әрекеттің арқасында осы ұрлыққа қатысы бар күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан қашып жүрген жерінен құрықталды», - делінген ақпаратта.

Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші тұрғын көлігінің есігін кілттемей кеткен. Соны пайдаланған жас жігіт көлікке ұрлыққа түскен. Ұрлап алған ақшасын ойынға салып, ұтылып қалған. Ол ізін жасыру мақсатында басқа қалада жұмыс істеп, қашып жүрген. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды көлікті ашық қалдырмауға шақырады.
 

Серіктес жаңалықтары