Бүгін қалада оншақты көлікті ағаш басқан
Қостанайдың құтқарушылары қатты желден кейін ағаш басып қалған көліктерді тазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, қаланың 8-шағын ауданында, Тәуелсіздік көшесінде және Баймағамбетов көшесінде биік ағаштар көліктерді басып қалған. Құтқарушылар ағаштарды кесіп, көлік иелеріне машиналарын тазартып берген.
Оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, бүгін Қостанай облысында оншақты көлік қарға батып қалған.