29.09.2025, 16:56
Оқиғалар
Іссапардан келе жатқан өрт сөндірушілер Қостанайда қарға батқан жүргізушілерге көмектесті (ВИДЕО)
Бүгін өңірде ауа райы құбылмалы болып тұр
Фото: скриншот
Қостанай облысының өрт сөндірушілері іссапардан келе жатып, қала түбінде қарға батып қалған көлікті құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ-ның мәліметінше, көлік Қостанай қаласынан 12 шақырым жерде жол жиегіне шығып кетіп, қардан шыға алмай қалған.
«Қар аралас жаңбыр жауып, жол тайғақ болғандықтан, көлік жолдың шетіне шығып кеткен. Арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген ТЖД қызметкерлері жедел түрде көмек көрсетті», – деп хабарлады ТЖМ.
Ведомство автокөлік иелеріне ауа райының құбылмалы жағдайында аса мұқият болуды ескертеді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды