$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаркент тұрғыны кішкентай қызына темекі тартқызған - полиция оны тез арада тапты (ВИДЕО)

Видео қоғамның наразылығын тудырды

Жаркент тұрғыны кішкентай қызына темекі тартқызған - полиция оны тез арада тапты (ВИДЕО)
Скриншот видео t.me/gazizaraimbeknews

Жаркенттегі стадионда бала қарап отырған ер адам кішкентай қызының аузына темекі салып жіберген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге таралып кеткен соң оған полиция назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрдан байқағынымыздай, ер адамның жанында бірнеше бала ойнап отырған. Бір кезде ер адам шамамен екі жасар қызының аузына өз аузындағы темекесін салып, тартқызған.

Жетісу облысының полиция департаменті хабарлағандай, видеодағы адамның кім екені анықталып, ол жазаланған.

«Бұл дегеніміз – ата-ана тарапынан кеткен өрескел қате және баланың денсаулығына аса зиян нәрсе», - деп хабарлады полиция біздің агенттікке берген түсініктемесінде.

Видеоны зерделеген полиция ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ қоғамдық орында темекі тартқаны үшін де жазаланды.

Серіктес жаңалықтары