$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 00:56
Оқиғалар

Елордалық келіншек үйінде босанды

Анасы мен баласы перзентханадан шықты

Елордалық келіншек үйінде босанды
Фото: ашық дереккөзден

Жедел жәрдем бригадасының фельдшері Дәулетияр Мәмбетов жас келіншекті үйінде босандырып алды. Шақалақтың кіндігі мойнына оралған. Соған қарамастан тез әрі дұрыс шешім қабылдай білген кәсіби маман сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасап.

Екі күн бұрын үйінде босанған келіншек бүгін баласымен бірге перзентханадан шықты. Бірақ ол күні Әсия қалай қорыққанын ешқашан ұмытпайды.

«Жедел жәрдем кірген кезде босанайын деп жатқан едім. Фельдшердің ширақтығын айтам, тез-тез қимылдап, киініп шешініп, онда үйде босанайық деді. Мен босансақ босанайық дедім, енді не істейміз, бала шығайын деп жатыр. Баланың кіндігі мойнына оратылып қалыпты, соны көріп, лезде қолма қол соны алып шыға қойды», - дейді Әсия Қожабекова.

Бұл жедел жәрдем бригадасының 633-шақыртуы еді. Фельдшер Дәулетияр  келіншекті босандырып болған соң, алғашқы тиісті көмекті көрсетіп, ана мен баланы перзентханаға аман-есен  жеткізеді.

«Қыз бала дүниеге келді. Қыз баланың денсаулығы дін аман. Бірден жылады. Физиологиялық босануда солай болады бірден жылау керек нәресте. Соның бәрін жедел түрде орындадық», - дейді жедел жәрдем бригадасының фельдшеру Дәулетияр Мәмбетов.

Серіктес жаңалықтары