Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 134-ке жетті
Коронавирустан тағы 7 науқас көз жұмды
Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды. Ақмола облысында 1953 және 1931 жылдары туған ер азаматтар, 1963 және 1952 жылы дүниеге келген әйел адамдар, Алматы қаласында 1951, 1928 және 1936 жылы дүниеге келген әйел адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 134 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 23
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 12
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8