$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда әйелдердің терезесінен сығалап, шешінген ер адам «сталкинг» бабымен сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Ол – облыс бойынша жаңа баппен айыпталып отырған бірінші адам

Атырау облысында Қылмыстық кодекстің жаңа бабы – сталкингке қатысты бірінші қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақжайық» басылымына сілтеме жасай отырып.

Ол Құрманғазы ауданында тұратын бір әйелдің терезесінен сығалап, оны аңдыған. Оқиға жуырда, 19 қыркүйекте тіркелген екен. Үйдің сыртындағы бейнебақылау камералары оның ұятсыз әрекетін түсіріп алған. Ер адам  жалаңаш күйде әйелдің терезесінен ұзақ сығалап, үйдің жанында біраз айналған. Бұл видео жергілікті тұрғындардың WhatsApp топтарына таралып кеткен.

«Ақжайық» жазғандай, полиция алдымен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғап, ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасын кескен. Бірақ, зардап шеккен әйел қосымша фото, видеоматериалдар ұсынған соң, полиция ер адамның әрекетін «сталкинг», яғни, біреуді аңду бабына ауыстырған.

Зардап шеккен әйелдің туысы айтқан мәліметтерге сүйенсек, ер адам тек сығалап қана қоймай, іш киімін шешкен, өзінің жыныс мүшесін ұстап, ұятсыз әрекеттер жасаған. Ең сорақысы, бұл іс кең таралған соң осы ер адамның әрекетінен ыңғайсыз жағдайға тап болған тағы бірнеше әйел анықталған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы жаңа қылмыстық бап 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Оның жазасы – 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл, түзету жұмыстары немесе 50 күнге дейінгі қамау жазасы.

Серіктес жаңалықтары