$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда әйелінің есепшотына 342 млн теңге аударған ер адам сотталды (ВИДЕО)

Оның сыбайластары да бірнеше жылға сотталған

Атырауда әйелінің есепшотына 342 млн теңге аударған ер адам сотталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Атырау қаласының соты жалған шот-фактуралар мен қылмыстық жол арқылы кірістерін заңдастырып, салықтан жалтарған үш азаматты соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігі хабарлағандай, істі агенттіктің Атырау облысындағы департаменті жүргізген.

«Тергеуге сенсек А.Тюякпаев бастаған, құрамында С.Аргалаш және А.Болатов деген үш адамнан құралған топ 8 млрд теңгеге жалған шот-фактура рәсімдеген және ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, салықтан жалтарған. Осының салдарынан мемлекетке 590 млн теңгеден астам салық төленбей, ірі көлемде залал келді», - деп хабарлайды ҚМА.

Осы топтың басшысы компанияның есепшотына түскен ақшаны әйелінің жеке шотына аударып отырған екен.

«Тюякпаев 342 млн теңге көлеміндегі қылмыстық кірісті бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы өзінің жұбайының жеке шотына аудару арқылы заңдастырған. Сот 4 автокөлік, 2 пәтер мен бір тұрғын үйге тыйым салды», - деп хабарлайды ҚМА.

Тергеу кезінде азаматтар мемлекетке 236 млн теңгені өз еріктерімен өтеп берген.

«Сот Тюякпаев, Аргалаш және Болатовты кінәлі деп танып, оларды 2 жыл 4 айдан 4 жылға дейін бас босандығынан айырды. Қылмыстық жолмен алынған Атырау қаласындағы пәтер мен автокөлік мемлекеттің пайдасына тәркіленді», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары