$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Денесінің 30 пайызы күйіп қалған»: полиция 3 ай бұрын болған оқиғаға байланысты жауап берді

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған 

«Денесінің 30 пайызы күйіп қалған»: полиция 3 ай бұрын болған оқиғаға байланысты жауап берді
Фото: скрин

Қызылордадағы жекеменшік балабақшада сәбидің ыстық суға күйіп қалуына байланысты ашылған іс әлі тергеліп жатыр. Бұған дейін баланың ата-анасы полицияның өте баяу жұмыс істеп жатқанын айтып, шағымданған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған дерекке қатысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігімен «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» және Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігімен «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» қылмыстық істі тіркеген. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, жан-жақты толық және обьективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - деді редакция сауалына жауап берген ресми орган.

Еске салайық, 22 мамырда екі жасар Еркежан Шардарбек «Сыр болашағы» атты жекеменшік балабақшада ыстық суға күйіп, жансақтау бөліміне түскен. Баланың денесінің 30 пайызы жарақат алған. Осыған байланысты бөбекжайдың тәрбиешісі мен күтушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда баланың ата-анасының сөзінше, тергеудің басталғанына 3 ай өтсе де, жеткілікті нәтиже жоқ. Балабақшаны арнайы комиссия тексерген соң, мекемені мемлекеттік тапсырыс аясында қаржылдандыру тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары