Туыстарының үйінен келе жатқан: Солтүстік Қазақстанда қайғылы жол апаты болды
Жол апаты салдарынан 41 жастағы жолаушы әйел қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында көлік аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Жетінші қыркүйек күні «Жезқазған-Петропавл» автожолында «Audi» маркалы көлік әзірге белгісіз себептермен аударылған. Салдарынан 41 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Ерлі-зайыпты туыстарының үйінен келе жатқан.
Рөл тізгіндеген азамат түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. 36 жастағы ер адам бірден ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады»,- деп қысқа қайырды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өңірде екі күннің ішінде жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Таяуда ғана екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған болатын.