Иранда ата-анасы көлікте ұмытып кеткен екі бала көз жұмды

Балалар күн ыстықта көліктен шыға алмай қалған

Иранда ата-анасы көлікте ұмытып кеткен екі бала көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Иранның батысында ата-анасы көлікте ұмытып кеткен 3 және 4 жасар екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Үш жасар қыз бен төрт жастағы ұл ата-анасының қарауынсыз қалған. Күн ыстық болғандықтан, көліктің іші де ысып кеткен. Дегенмен, есік жабық болып, балалар далаға шыға алмай қалған», - деп жазады басылым.

Құқық қорғау органы өкілдерінің хабарлауынша, ата-анасы балалардың жоқ екенін екі сағаттан астам уақыт өткеннен кейін білген. Кейін олар көліктен балалардың денесін тауып алған. Балалар бірден ауруханаға жеткізілгенімен, оларды құтқарып қалу мүмкін болмады. Синоптиктердің хабарлауынша, қазір Иранның басым бөлігінде ауа температурасы 35 градустан жоғары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.