$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бізде құрмет жоқ»: белгілі хирург пластикалық операция жасайтын білімсіз мамандардың жазасыз қалатынына қапаланды

Сондай-ақ дәрігерлер бетіне ота жасатқан әртістерге талдау жасады 

Журналист Ләйлә Сұлтанқызының YouTube-тегі подкастында қонақ болған дәрігерлер, Мұхтар мен Гүлмира Қобландиндер, пластикалық отадан кейін зардап шегіп, тіпті өліммен аяқталған жағдайлардың жиілеуіне не себеп екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың сөзінше, ақысын арзандатып, бет пен денеге күрделі операцияны жасай беретін орталықтарға талап әлсіз, заң солқылдақ.

«Тырнақ бояп, кірпік жабыстырып жүргендер медицинадан хабары болмаса да, тазалықты сақтамай липосакция (денедегі артық майды алдыру – ред.), блефаропластиканы (қабақ отасы- ред.) жасай береді. Өкінішке орай біздің құқық қорғау органдары олармен айналыспайды. Салыстыру үшін, мәселен, сол мамандар мен білікті дәрігерді алайық, екеуі де бірдей қателік жіберер болса, дәрігер заңды жазасын алады да, ол мамандарды жөніне қоя береді», - деді Мұхтар Қобыландин.

Дәрігердің сөзінше, медицинаға қатысы жоқ мамандар өз бетінше ота жасап, адам өміріне қауіп төндірсе де тиісті жазаға тартылмай, құтылып кетіп жатады.

«Егер біз шетелден клиника ашқымыз келсе, сол елдің заңына бағынамыз, лицензияны қалай алуды сұраймыз. Елдің заңын сыйлаймыз, ал бізде заңға құрмет жоқ. Бұл денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарының өз жұмысын толық атқармай отыр дегенді білдіреді», - деді дәрігер.

Сондай-ақ дәрігерлер қазақ эстрадасының жұлдыздары мен танымал медиа тұлғаларының қай жеріне ота жасатқнын талдады.

Студиядағы экраннан Роза Рымбаева, Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, Гүлзира Айдарбекова, Тұрсынбек Қабатов, Баян Алагөзова сияқты белгілі адамдардың фотолары көрсетілді. Хирургтер олардың бет-әлпетіндегі өзгерістерді айтып, қандай операция жасалғанын атап берді.

Еске салсақ, бұған дейін косметологиялық орталықта Қазақстанда тыйым салынған препаратты бетіне еккен соң, көзі нашарлап, сырқатқа шалдыққан әйел туралы жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары