02.09.2025, 16:41
Оқиғалар
Әскерде жүрген 20 мыңнан астам сарбаздың 8 млрд теңге көлемінде несиесі бар
Олар әскерде жүргенде төлемнен каникул алған
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда әскерде жүрген 20 мыңнан астам сарбаздың 8 млрд теңге көлеміндегі несиесіне «төлем каникулы» жарияланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сондай-ақ әскерде жүріп жақсы нәтиже көрсеткен 2183 сарбаз грантқа түскенін хабарлады.
«Бұдан басқа, 20 мыңнан аса әскери қызметшіге 8 млрд теңге сомасына кредиттік демалыстар берілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды