$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 15:27
Оқиғалар

Кезінде Біртановтан көмек сұраған дәрігер 2 млн теңге өтемақыны ала алмай жүр

Атушылы дәрігер тағы да видеоүндеу жасады

Жамбыл облысында коронавирустан жазылып шыққан дәрігерлерге өтемақы төленбей отыр. Сондықтан Меркі аудандық ауруханасының инфекционисі Толқынай Ордабаева кезекті рет үндеу жасауға мәжбүрмін дейді. Ал жұмыс бабында коронавирус жұқтырғандықтан, Үкімет бөлетін 2 млн теңге өтемақыға құжаттарын тапсырғанымен, ақша қолына әлі тимеген.

Оқи отырыңыз: «Шу басылсын, көзіңе көк шыбын үймелетемін»: Жамбыл облысында басшылықтан қысым көрген дәрігерлер жұмыстан кетпек

Айта кетейік, Толқынай Ордабаева кезінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрап, өзі жұмыс істейтін емдеу мекемесінде бетперде мен қорғаныш құралдарының жетіспейтінін айтқан еді. Кейін тексеріс болып, Меркі аудандық ауруханасының басшылары тегіс қызметінен босатылған болатын.

Оқи отырыңыз: Меркі аудандық ауруханасын басқарған апалы-сіңлілер қызметтен босатылды – әкімдік

Серіктес жаңалықтары