$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 14:37
Оқиғалар

СҚО-да спорт мектебінің бухгалтері бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді

Оған 24 млн теңгеге жуық қаражатты өз карталық шотына аударды деп айып тағылды

СҚО-да спорт мектебінің бухгалтері бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді
фото: Батыржан Беспаев

Солтүстік Қазақстан облысындағы спорт мектептерінің бірінің бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Ол өзі жұмыс істейтін мекеменің 24 миллион теңгеге жуық қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың спорт мектептерінің бірінің бухгалтеріне қатысты жалақы және басқа да шығыстарды (іссапар шығындары, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары) төлеуге арналған 23 млн 781 мың 833 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты өз карточкалық шотына артық аудару жолымен бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Іс материалдары күдіктіге және оның қорғаушыларына танысу үшін ұсынылды.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, нақты шешімді сот шығарады.

Серіктес жаңалықтары