23.08.2025, 14:59
Оқиғалар
Маңғыстауда үш көлік соқтығысып, біреуі бірнеше рет аударылды
Ешкім зардап шеккен жоқ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында үш автокөлік қатысқан жол апаты болды. Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Апат қалай болды?
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 тамыз күні сағат 10:37-де қаладағы бір қиылыста тіркелген.
- Lexus пен Toyota Hilux маркалы жол талғамайтын көліктер соқтығысқан;
- Қатты соққыдан Toyota бірнеше рет аударылып, жол жиегінде келе жатқан ПАЗ маркалы автобусқа соғылған;
- Жолаушылар мен жүргізушілердің барлығы аман.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ
Полиция департаменті бұл апаттан ешкімнің зардап шекпегенін растады. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, қозғалысты уақытша реттеді. Қазіргі таңда апатқа байланысты қажетті сараптамалар жүргізілуде», – деді ведомство өкілдері.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды