$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Блогер Ерболат Жанабылов пен әйеліне қатысты тексеріс басталды – адвокат

Олар курс атып, 10 көлікті ұтысқа қойған

Блогер Ерболат Жанабылов пен әйеліне қатысты тексеріс басталды – адвокат
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегенованың үстінен тексеріс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, халықтың наразылығынан кейін тиісті құзырлы органдар блогерлердің ең соңғы масштабты ұтысын тексеріп жатыр. Бірақ, адвокат олардың ісі нақты қай мекемеде екенін айтқан жоқ.

«Ел әбден мезі болған ұтысты өткізу үшін курстарын сатып, байып қалайын деп еді, халық болып кедергі жасадық. Оларға қатысты тексеріс басталды. Заңсыз ұтысқа жауапты арнайы комитет бар. Сол ұйым осы блогерлерге жуырда ескертпе жібереді. Егер ескертпеге мойынсұнбаса, 1 млн теңге айыппұл төлейді. Оған қоймаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп мәлімдеді заңгер.

Жанабыловтар отбасы Қытайдың бес сайтынан тауар сатып алуды үйрету үшін 30 мың теңгенің курсын әзірлеген. Курсын сату үшін халық арасында 10 жаңа көлік және ақшалай сыйлық дайындаған.

Айта кетейік, Ресейде тура осындай әдіспен ұтыс ойнатқан атақты блогер Валерия Чекалина мен оның экс-күйеуі Артем Чекалин қазір үлкен қылмыстық іс аясында үйқамақта отыр. Бұған дейін олар бір рет жазаланып, тергеуге түсіп, айыппұл төлеген.

Біз комментарий Ерболат Жанабыловтың менеджеріне хабарласып көруге тырыстық, алайда, оның ұялы телефоны өшірулі тұр.

Редакция осы мәселеге қатысты құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.

Серіктес жаңалықтары