Ресейде ер адам сүйіктісі мен оның отбасын қырып салған

Оқиға Мәскеу қаласында болған

Ресейде ер адам сүйіктісі мен оның отбасын қырып салған

Ресейде ер адам сүйіктісі мен оның отбасын қырып тастаған. Сүйіктісімен айырылысқан ер адам, бұрынғы қызы мен оның отбасын өлтіріп, содан соң өзіне қол жұмсаған. Барлығы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «360» телеарнасы.

Қайғылы жағдай Мәскеудің солтүстігіндегі пәтерде болған. Атыстың дауысын естіген көршілер полиция шақырған.

Қыздың таныстарының айтуынша, пәтерде 24 жастағы Елизавета Хлюпина ата-анасымен және інісімен тұрған. 18 маусым күні оған бұрынғы жігіті келеді. Олар жанжалдасып қалады, осы кезде ер адам карабин қаруын шығарып, қыздың басынан атқан. Содан кейін ол қыздың 52 жастағы анасы мен 2016 жылы туған баланы да атып тастайды. Соңында өзін өлтіреді.

Кейінірек отбасын қырған ер адамның 21 жастағы Севастьян Путинцев екені анықталды. Кіреберістегі домофон камерасы оның үйге кіріп бара жатқан сәтін түсірген.

Қаза тапқан Елизавета Хлюпина модель болған. Ол түрлі фотосессияларға қатысқан, деп хабарлайды Telegram-канал Mash. Жақында ғана сүйіктісімен айрылысқан екен, ал бейсенбі күні ол қыздың үйіне қарумен келген.

Елизаветаның құрбыларының айтуынша, қыз бен жігіт 5 жылдай кездесіпті. Олар бір-бірін мектеп кезінен таныған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.