$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2020, 10:22
Оқиғалар

Елордада оңай жолмен ақша таппақ болған тұрғындар алаяқтарға алданып қалған

Олар спорттық бәсекелердің қорытындысын алдын ала білеміз деп алдаған

Елордада оңай жолмен ақша таппақ болған тұрғындар алаяқтарға алданып қалған

Астаналық полицейлер интернетте алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 19 және 21 жастағы екі тұрғынды ұстады. Олар барлығы 50 шақты адамның 1,5 млн теңгесін қолды қылған.

Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашып, спорттық бәсекелерге болжам жүргізетіндерін хабарлаған. Өз клиенттеріне 100 пайыздық ұтыс уәде беріп, ақысын электронды шотқа аударуын талап еткен. Ал, шотқа ақша түскеннен кейін байланыс нөмірлерін бұғаттап отырған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті екі жігіттің спортқа және букмекерлік кеңселерге ешқандай байланысы болмаған. Олар алаяқтық жолмен тапқан ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап келген. Қазір екеуінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары