20.08.2025, 17:53
Оқиғалар
Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады
Оқиға оның бұрынғы жұмыс орнына қатысты дейді әкімдіктегілер
Фото: Жамбыл облысы АКҚ
Шымкент қаласының әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАқпарат» агенттігі хабарлағандай, Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұған қатысты былай деп комментарий берген:
«Біз бұл ақпаратты растаймыз. Алайда, бұл оның қазіргі мемлекеттік қызметіне қатысы жоқ факті. Оның бұрынғы жұмысына қатысты», - деген Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов қолға түсті деген ақпарат тараған болатын.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады