«Түрме ме, хэштег пе?»: Қазақстанда тағы бір судья сот отырысында «біртүрлі» ым танытты (ВИДЕО)
Видеодағы адам - судья Бақытжан Бәкірбаев екені анықталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақытжан Бәкірбаев сот отырысында отырып белгісіз біреулерге «біртүрлі» ым танытқан, деп жазады Azattyq Rýhy
Желіде тараған видеодан байқап отырғанымыздай, сот отырысында бір тарап сөз сөйлеп жатқан. Сол сәтте біреуге қараған судья саусақтарымен тор іспетті ым көрсеткен.
Ал мылқау адамдардың тілінде бұл «темір тор», яғни, түрме дегенді білдіреді. Дегенмен, желідегі халық «судья бәлкім хэштег көрсеткісі келген шығар» деген пікір қалдырып жатыр.
Алматының соты бұл мәселеге қатысты әзірге комментарий берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Шымкентте журналиске тілін шығарған судьяның басы дауға қалып, оның ісін әдеп комитеті қарап жатыр.