19.08.2025, 15:42
Оқиғалар
Назарбаев университетінің жатақханасында тағы бір студент қыз қаза тапты
Ол жатақхананың 12-қабатынан құлап кеткен
Фото: istockphoto.com
Астанадағы Назарбаев университетінің жатақханасынан 22 жастағы студент қыз құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл фактіні қалалық полиция департаменті растады. Оқиға 15 тамыз күні орын алған. Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен жатақхананың 12-ші қабатынан секіріп, мерт болған.
«Астана қаласында тұратын 22 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, ол жатақхананың 12-ші қабатынан құлап кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Назарбаев университетіне қарасты жатақханалардың бірінде тағы бір студент қыздың мәйіті табылған болатын.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті