Солтүстік Корея Израильден Газа секторындағы әскерін әкетуді талап етті

Корей халық демократиялық республикасының (КХДР) сыртқы істер министрлігі Израиль қорғаныс армиясының күштерін Газа секторынан шығаруды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлағандай, ведомство өкілдері Израильдің әрекеттері халықаралық құқықты бұзып, Палестина аумағын басып алуға ұмтылыс болып отырғанын атап өтті.
«Біз Израильден палестиналықтарға қарсы заңсыз қарулы шабуылды дереу тоқтатуды және Газа секторынан толық шығуды қатаң талап етеміз», – делінген КХДР СІМ мәлімдемесінде.
Еске салайық, 8 тамызда Израильдің әскери-саяси кабинеті премьер-министр Биньямин Нетаньяху ұсынған Газа секторындағы бақылауды кеңейту және әскери операция ауқымын ұлғайту жоспарын мақұлдаған еді.
10 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Дмитрий Полянский Израиль жоспары халықаралық құқыққа қайшы келетінін және қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін әлсірететінін мәлімдеді.