18.06.2020, 10:30
Оқиғалар
Елордада коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды
Олардың бірі – ер, екеуі – әйел адам
Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 100 адамға жетті. 18 маусым таңғы 10:00-гі дағдай бойынша елордада тағы үш науқас қайтыс болған.
Көз жұмған науқастардың бірі – 1963 жылы дүниеге келген ер азамат және 1952, 1946 жылы дүниеге келген әйелдер.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген coronavirus2020.kz порталында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
