01.08.2025, 14:07
Оқиғалар
Абай облысында із-түссіз жоғалып кеткен зейнеткер бір аптадан бері табылмай жатыр
25 шілде күні орманға қарай кеткен ер адамнан әлі хабар жоқ
Фото: t.me/dp_abai
Абай облысында 56 жастағы ер адам 25 шілде күні орманға қарай шығып кетіп, үйіне әлі оралмаған. Оның әйелі полицияға арызданып, көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, арыз түсе сала құтқарушылар мен полиция бірден іздеу жариялаған.
«Полиция ауқымды іздеу штабын іске қосты. Оған учаскелік инспекторлар, кинологтар мен Ұлттық Ұланның сарбаздары тартылды. Зейнеткерді іздеуге бас-аяғы 120 адам күш салып жатыр», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.
Адам аяғы көп тимейтін жерлерді қарау үшін полиция дрон мен иттерді тартып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы