Алматыда студент 14-қабаттан секіріп кетті – полиция мән-жайды анықтап жатыр
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды

Желіде Алматыда студент көпқабатты үйдің 14-қабатынан секіргені туралы ақпарат тарап жатыр. Қалалық полиция департаменті қыздың өлімін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті.
Алдын ала болжам бойынша трагедияға отбасылық жағдай себеп болуы мүмкін.
«Азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», - деп түйіндеді полиция.
Ведомство қайғылы оқиғаға қатысты басқа мәлімет бермеді.
Кейбір ақпарат көздері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті ректорат ғимаратының 14-ші қабатынан секіргенін айтып жатыр.