28.07.2025, 13:17
Оқиғалар
Зәкиева автобуста аутизмі бар баланы кемсіткен әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиғаға полиция назар аударды
Фото: Freepik
Астанадағы автобуста аутизммен ауыратын кішкентай баланы балағаттаған әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева сырқаты бар баланың анасымен байланыста екенін айтты.
«Астанада қоғамдық көліктегі жолаушы әйелдің балаға дөрекілік танытып, кемсіткені туралы анасы айтып берді. Осыған байланысты қала прокуратурасымен байланыс орнатылды. Сарыарқа ауданының полиция басқармасы күдіктінің жеке басын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр», - деп жазды уәкіл.
Еске салсақ, Сағина атты әйел 6 жасар аутизмі бар қызына автобустағы әйелдің дөрекілік танытқаны туралы айтып, оқиғасын желіге шығарды. Көпшілік Сағинаға қолдау білдіріп жатыр.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды