Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы ауруханадан шықты
Олар Алматыға жол жүріп кеткен

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, спортшының отбасы Шу қалалық ауруханасынан шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Зардап шеккендер тиісті қолхат жазып, Шу қалалық ауруханасынан шығарылдыү Олар Алматы қаласына жолға шықты. Медициналық мекемеге ешқандай шағымдары жоқ», - деді басқарамадан.
Еске салсақ, Шавкат Рахмоновтың дол апатына түскен әйелі мен баласының денсаулық жағдайы белгілі болған. Алдын ала қойылған диагноз – жабық бас-ми жарақаты, миының соғылуы. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
27 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшыраған. Гүлайым Рахмонова ұлымен және достарымен Қарағандыдан Алматыға Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша әйел тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы Мойынқұм аудандық ауруханасына апарар жолда қайтыс болды.
Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.