$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жол ақысын төлеуден бас тартқан: автобустағы жанжал видеоға түсіп қалды

Жолаушы мен кондуктор арасында жанжал шықты

Жол ақысын төлеуден бас тартқан: автобустағы жанжал видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан скриншот

Астанада №14 бағыттағы автобуста жолаушы мен кондуктор арасында жанжал болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жол ақысын төлеуден бас тартып, агрессивті әрекет жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кондуктор эмоциясын ұстай алмай, құқық бұзушымен жанжалдасқан.

Қақтығыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, қызу талқыға түсті. Қолданушылар билетсіз жүруге болмайтынын да, қоғамдық көлік қызметкерлерінің этиканы сақтау қажеттігін де айтып жатыр.

«Адамды қорлағаны үшін жауапқа тарту керек», «Кондукторлар жолақысын төлеуден бас тартқан жағдайда, әсіресе жолаушы балағаттаса, дереу 102 нөміріне қоңырау шалуға құқылы. Жол ақысын төлемегені және әдепсіз сөздер айтқаны үшін жауапқа тартуға болады. Неліктен олай етпегені белгісіз. Бұған шыдауға болмайды», - деп жазды қолданушылар.

Бұған дейін Алматыда автобуста ер адамның қарт кісіні аяусыз соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары