$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Он жасар баланы иттерден арашалап қалған адам Тоқаевтың марапатына ие болды (ВИДЕО)

Марапатты Алматы облысының әкімі табыстады

Он жасар баланы иттерден арашалап қалған адам Тоқаевтың марапатына ие болды (ВИДЕО)
Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалған ер адамға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Серікбек Сақайбеков Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылында иттер талап жатқан баланы арашалап, аман алып қалған еді. Футбол  ойнап жүрген бірнеше балаға үш ит жүгірген. Екі бала қашып үлгергенімен, Максим қашып шыға алмай, оны овчарка мен бір питбуль талап тастаған.

«Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған. Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті», - деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабы («Абайсызда ауыр зиян келтіру») бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталған. 

 

Серіктес жаңалықтары