$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың сол жағалауында тағы бір көше ішінара жабылатын болды

Әкімдік Айтматов көшесін жөндемек

Астананың сол жағалауында тағы бір көше ішінара жабылатын болды
Фото: istockphoto.com

Астананың сол жағалауындағы Айтматов көшесі бірнеше күнге ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен бастап Молдағалиев көшесіне дейінгі бөлігі 22-25 шілде аралығында жөнделеді. Көліктер көшенің бір бағытымен қатынайды.

Айта кетейік, қазір «Астана Опера» алдындағы өткелдің жөнделуіне байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі сегіз айға жабылған. Дәлірек айтсақ, әкімдік «Астана Опера» театрының алдына жаяу адам өтетін жаңа көпір салмақ. Ал, ескі көпір былтыр бұзылған болатын. Редакция әкімдікке ресми сауал жолдап, жаңа көпірдің құрылысы неге 8 айға созылатынын және алдыңғы көпір неше теңгеге салынып, неше жыл халыққа қызмет еткенін анықтады.

Анықталғандай, ескі көпір 2013 жылы салынып біткен. Айтып өткеніміздей, ескі көпір былтыр көктемде бұзылған. Яғни, жаяу адам өтетін көпір 11 жыл қызмет еткен. Оны салуға шамамен 1,5 млрд теңге бөлінген екен.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы Д.Қонаев көшесі арқылы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін (жаяу жүргіншілер көпірі) салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шарттың құны – 1485,7 млн тг. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы Д.Қонаев көшесі арқылы өтетін жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің (жаяу жүргіншілер көпірінің) құрылысына «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» тапсырыс берген», - деп жауап берді әкімдіктің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Көпірді кезінде осы қаражатқа  «СП КазГерСтрой» ЖШС салған екен. Ал енді, жаңа көпірді «Қазақдорстрой» ЖШС салатын болыпты. Бірақ, әкімдік жаңа көпір салу үшін жолды жапқанымен, оның құнын әлі белгілемеген.

«Д. Қонаев көшесі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту құны жобалау аяқталғаннан кейін бекиді. Жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялау ұзақтығы нормативтік талаптардан аспайды», - деп жазған басқарма.

Серіктес жаңалықтары