$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қатты жаным ашиды»: 83 млн теңгесінен айырылған блогер Перизат Қайраттың анасына жақтасты

Олжас Садықтың пікірінше, Ғайни Алашбаеваны үйқамақта ұстауға болады

«Қатты жаным ашиды»: 83 млн теңгесінен айырылған блогер Перизат Қайраттың анасына жақтасты
Фото: instagram.com/01pk/

Бүгін Перизат Қайраттың ісіндегі жарыссөз кезінде қырықшақты жәбірленуші соңғы сөздерін айтып жатыр. Соның бірі – Газадағы халыққа арнап 83 млн теңге жинап, оны Перизат Қайраттың қорына аударған блогер Олжас Садық, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олжас Садықтың айтуынша, досы Назим Мисановпен бірге Газа халқына көмек ретінде 83 млн теңге жинаған. Оған Перизат Қайрат хабарласып, екеуі Астанадағы барлардың бірінде кездескен. Перизат Қайрат оған «BizBirgemiz» қоры туралы айтып берген. ақыры Олжас Садық ақшаның бәрін осы қорға аударып, алданып қалған.

Бүгін жарыссөз кезінде Олжас Садық Перизат Қайраттың кінәсі толық дәлелденді деп санайтынын айтты.

«Менің ойымша, Перизат Қайраттың кінәсі толық дәлелденді. Менің азаматтық арызымды қанағаттандыруыңызды сұраймын. Жаза тағайындау мәселесінде прокурорды қолдаймын, бірақ, Ғайни Алашбаеваға қатты жаным ашиды. Оның денсаулығы сыр берген. Сондықтан, оны үймақта ұстаса болады деп санаймын», - деді Олжас Садық.

Айта кетейік, кеше прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұраған болатын. Ал оның алдындағы сот отырыстарында Ғайни Алашбаева өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған еді. 

Серіктес жаңалықтары