Қарағандыда Cobalt жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді (ВИДЕО)
Жол апаты Майқұдықта болған

Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео мен фотолар жарияланды. Кадрдан полиция қызметкерлерінің жол апаты болған жерге жиналғанын көруге болады.
«18 шілде күні сағат 12:55 шамасында 19-шы ықшамаудандағы К.Маркс көшесінде аялдама маңында 29 жастағы «Chevrolet Cobalt» көлігінің жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 53 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін сақтап, жолды рұқсат етілген жерлерден ғана кесіп өтуге, жылдамдықты асырмауға шақырды.