14.06.2020, 03:43
Оқиғалар
Көкшетауда пәтер өртеніп, 3 бала құтқарылды
Олардың жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөзден
Көкшетауда пәтер өртеніп, 3 бала құтқарылды. Олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі
«9 шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде пәтерде үш бала болған. Оның екеуін көршілері құтқарушылар келгенше сыртқа алып шықты, ал үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарды. Балалар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Бес қабатты үйден 35 тұрғын эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 12 полиция қызметкері және жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Өрт 22:52-де толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды