$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында 11-сынып оқушысы соққыға жығылды

Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді

Ақмола облысында 11-сынып оқушысы соққыға жығылды
Фото: pixabay

Ақмола облысында мектеп бітіру кешінен кейін белгісіз екі адам 18 жастағы бозбаланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баланың анасының айтуынша, күдіктілер мас болған. Оқиғадан кейін бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түлектің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растап, бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Арыз түскен күні Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушысы дереу анықталып, жауап алынды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомство қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске сала кетейік, Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлеген болатын, оның видеосы желіде тарап, бұл іс артынша қоғамдық резонанс тудырды. Кейіннен оқушыны аяусыз соққыға жыққан балалардың әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды.

 

Серіктес жаңалықтары