$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау маңындағы жантүршігерлік апаттың видеосы жарияланды

Жол апатынан алты адам зардап шекті

Ақтау маңындағы жантүршігерлік апаттың видеосы жарияланды
Фото: видеодан скриншот

27 маусым күні кешкісін Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауылына жақын жерде болған жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қатты жылдамдықпен соққан

Жергілікті пабликтерде жарияланған видео бақылау камерасына түсіп қалған.

«Видеодан қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің алдындағы көлікке соғылғанын көруге болады. Соққыдан ол автобуспен соқтығысып, жолдан шығып кеткен. Кінәлі жүргізуші де рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетеді», - деп жазды басылым.

Жол апаты 27 маусым күні кешкісін Маңғыстау ауылының маңында болды.

6 адам зардап шекті

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан алты адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлердің шұғыл тексерісінен кейін төрт науқас амбулаторлық ем қабылдауға үйіне жіберілді, екеуі хирургия және нейрохирургия бөлімшелеріне жатқызылды.

Нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған 1995 жылы туған науқастың бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі, жамбас сүйегі, жіліншік және оң аяқ сүйегі сынған. 1975 жылы туған екінші жәбірленуші кеудесінен жарақат алған, оң жақтағы бірнеше қабырғасы мен иық сүйегі сынған, сондай-ақ басқа да жарақаттары бар, деп хабарлады аурухана. Науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары