Алжир азаматы Қазақстанда болмаған дүние жасап, тарихта қалды
Ол Қазақстан ойлап тапқан Digital Nomad Visa-сын алған бірінші адам

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Digital Nomad Visa бағдарламасы арқылы виза алған бірінші адамды жариялады. Ол Алжирден келген IT-маман — Абдельмаджид Белмекки болып шыққан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Абдельмаджид Белмеккидің пікірінше, Digital Nomad Visa визасының бағасы арзан, яғни, 300 доллар. Оны алу үшін адамның табысына қатысты талап та жоқ. Абдельмаджид виза алу процесін өте жақсы бағалап, 10-нан 10 ұпай берген.
«Бұл виза жаһандық мамандарды тарту және стартап-экожүйені дамыту үшін үлкен әлеуетке ие», - деген ол.
Ол сонымен қатар бағдарламаның ресми сайтындағы ақпаратты кеңейтуді, атап айтқанда салық салу, заңнама, бизнесті тіркеу және цифрлық көшпенділерге арналған жеңілдіктер туралы толық мәліметтерді қосу жөнінде ұсыныс білдірді.
Digital Nomad Visa (DNV) және Digital Nomad Residency (DNR) бағдарламалары 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылды.