26.06.2025, 11:10
Оқиғалар
Астанада 400 мың теңгеге қасқырдың бөлтірігін сатпақ болған адамды полиция ұстап алды
Полиция жыртқыш аңның күшігін мемлекеттік мекемеге тапсырған
Фото: Polisia.kz
Астана қаласының полициясы Ақмола облысындағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі қызметінің инспекторымен бірге қасқырдың бөлтірігін сатпақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіге жарнама берген ер адам қасқырдың бөлтірігі барын айтып, оны 400 мың теңгеге бағалаған. Полиция дереккөздің қайдан тарағанын іздеп, жарнама берген адамға сатып алатын кейіпте хат жазған екен.
Жарнама авторы бөлтірікті сатуға келгенде полиция оны ұстап, қолға түсірген. Қызметкерлер қасқырдың күшігін мемлекеттік мекемеге тапсырған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады