24.06.2025, 17:15
Оқиғалар
Алматыда жас қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза тапты
Оқиға Молдағұлова көшесінде болған
Фото: скриншот
Алматыдағы Молдағұлова көшесінде қайғылы оқиға болды: алдын ала таралған ақпаратқа сенсек, 29 жастағы қыз жетінші қабаттың балконынан құлап қаза тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұмның денесін үйдің шетінде жатқан жерінен тұрғындар тауып алған. Қазір оқиға орнына полиция мен тергеу тобы жеткен. Олар аумақты қоршап, зерттеп жатыр. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі редакциямызға оқиғаны растап, комментарий берді.
«29 жастағы қыздың қазасына байланысты Алматы қаласы Алматы ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.
Тергеу қыздың нақты қандай себептен қаза тапқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады