$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайлық ғалымдар ерекше құрылғыны ойлап тапты

Ол әскери мақсатта да пайланылады 

Қытайлық ғалымдар ерекше құрылғыны ойлап тапты
Фото: x.com/OwenGregorian

Қытай ғалымдары әскери операцияларға арналған масаның көлеміндей дрон жасап шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Микродрон Хунань провинциясындағы Қытайдың Ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің робототехника зертханасында жасалған.

«Міне, менің қолымда масаға ұқсас робот тұр. Осындай шағын бионикалық роботтар, әсіресе, ақпарат жинау және соғыс алаңындағы арнайы миссиялар үшін қолайлы», - деді NUDT студенті Лян Хэсян CCTV-ге берген сұхбатында.

Енді бұл құрал әскери және қорғаныстан бөлек әртүрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Мәселен, төтенше жағдай кезінде үйінділер мен қирандылар арасынан өтіп тірі қалғандарды таба алады. Масадай дронның 4 қанаты, 3 тал аяғы бар, ұзындығы шамамен 1,3 сантиметрге тең. Ол смартфон арқылы басқарылады.

Микродрондар қоршаған орта жағдайларын, ауаның немесе судың сапасын бақылау үшін датчиктермен жабдықталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары