Ақсуда жолаушының кеудесіне ағаш кіріп кетті: такси жүргізушісі жылап жіберді (ВИДЕО)
Өңірде ауа райы қолайсыз болып тұр

Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға болды. Ақсу қаласында дауыл кезінде құлаған ағаш әйелдің кеуде тұсына кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты видеоға түсіп қалған
Оқиға орнында түсірілген видеоматериал Tipavlo Telegram каналында жарияланды. Куәгерлер түсірген кадрда әйелдің таксиде алдыңғы жолаушылар орындығында отырғаны көрінеді.
Оқиғадан кейін көлік жүргізушісі есікті ашып, «Көмектесіңіздерші!» деп жылап жібереді. Оған куәгерлер жүгіріп келеді. Осы кезде бейнежазба аяқталады.
Дәрігерлер не дейді
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы хабарлағандай, қоңырау бейсенбі күні 17:29-да түскен.
"Құлаған ағаш әйелдің кеуде тұсына кіріп кеткен. Дәрігерлер 1968 жылы туған әйелдің ауыр дене жарақатынан қайтыс болғанын растады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақсу қаласында желдің жылдамдығы сағатына 28 метрге жеткенін хабарлаған болатын.