13.06.2025, 17:30
Оқиғалар
Қырғыз министрлігі Қазақстанда қандай азық-түліктің қымбаттағанын айтты
Пияз бағасы 7 пайызға шарықтаған
Фото: Freepik
Қырғыз республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі маусым айының алғашқы 10 күнінде үш көршілес елдің азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізген, оның ішінде Қазақстан бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда келесі өнімдердің бағасы өсті:
- пияз – 7 пайызға,
- картоп – 3 пайызға,
- өсімдік майы – 1,3 пайызға,
- қой еті – 1,3 пайызға,
- қант – 0,9 пайызға.
Қырғыз Республикасында:
- жұмыртқа – 1,5 пайызға,
- сәбіз – 1,3 пайызға,
- күнбағыс майы – 0,9 пайызға.
- Сонымен қатар, пияз бағасы 2,8 пайызға төмендеген.
Ресейде мына тамақтардың бағасы өскен:
- пастерленген сүт пен сары май – 2,8 пайызға,
- қой еті – 1,5 пайызға.
Сонымен қатар, келесі өнімдердің бағасы төмендеген:
- картоп – 9,2 пайызға,
- пияз – 5,6 пайызға,
- жұмыртқа – 0,9 пайызға төмендеген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды